Бір отбасының үш адамы иіс тиіп уланды

1 587

Фото: СҚО ТЖДСолтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында 32 жастағы әйел, оның 13-тегі және бір жасар нәрестесі иіс тиіп ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 ақпан күні сағат 21:00 шамасында Кішкенекөл ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен аудандық ауруханаға көмірқышқыл газына уланған отбасы жеткізілді.


Тиісті ем-дом көрсетілгеннен кейін әйел мен оның екі баласы үйіне қайтарылды. 


«Тұрғын үйді қарау кезінде пештің мұржасы жабылмайтынын байқадық, бірақ, пеш көптен тазаланбағандықтан күл толып қалған. Салдарынан дұрыс тартпай, улы газ ішке кеткен. Яғни пешті дұрыс қолдану ережесін сақтамаған», — дейді өрт сөндірушілер.