Сарыағашта кәмелетке толмаған баланы зорлаған күдікті ұсталды
Сарыағаш ауданында тағы да жантүршігерлік жағдай. Онда көрші ауылдың тұрғыны кәмелет жасына толмаған ер балаға зорлық-зомбылық көрсеткен деген күдікке ілінді. Бұл туралы құқық қорғаушыларға баланың анасы хабарлап, арызданған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Отырар телеарнасына сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған баланың анасы Сарыағаш АПБ-ға 12 қыркүйек күні арызданған. Оқиға орнына Сарыағаш АПБ-нің басшылығы, жедел-тергеу тобы, сондай-ақ прокуратура өкілдері барған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді.
Түркістан облысы полиция басқармасы: «Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер, күдіктінің жеке басын анықтап, аталмыш жас жігітті ұстады. Ол Сарыағаш АПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.