"Асқазаны 12 жерден тігілген": сотталушы колония қызметкерлерінің ұрып-соғып, қысым көрсеткенін мәлімдеді
1 527
Алматы облысындағы Заречныйдағы колония тұтқыны оны қызметкерлердің ұрып-соғатынын мәлімдеп, видеоөтініш жолдады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жаркенттік сотталушы Рүстем Вариев қатаң режимдегі колония қызметкерлері оны себепсіз ұрып-соғып, изоляторға орналастырды деп айыптады. Қысымнан соң ол өз іші мен тамырларын тілімдеген, оның асқазаны 12 жерден тігілді. Жедел жәрдем түзеу мекемесіне бес-алты сағаттан кейін келді деп болжануда.
"Желілерде Заречный ауылының №12 мекемесінде “Кісі өлтіру” бойынша жазасын өтеп жатқан тұтқынның видеосы тарады. Бұл факт ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚАЖ департаменті қызметтік тергеу тағайындады. Сотталушының мінез-құлқы екінші теріс дәрежелі деп бағаланған. Ол ұстау шарттарын бұзғаны үшін төрт рет жазаланды. Бұған дейін мекеме әкімшілігіне қысым көрсету мақсатында бірнеше рет осындай әрекеттер жасаған", – деп хабарлады Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.