Нұрлан Қоянбаев ауруханаға түсіп қалды
1 513
Белгілі актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев ауруханадан жатқан суретін бөлісіп, оқырмандарын алаңдатып қойған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында аурухана төсегінде жатқан суретін бөліскен. Ол жазбасында “Жолда абай болыңыздар” деп жазған.
Осыдан кейін желі қолданушылары актердің жағдайына уайымдап, өнер иесі жол апатына түсті ме деп сұрақ жаудырған.
Бүгін өнер иесі тағы да суретін жүктеген. Онда ол қолдау білдірген жандарға алғыс білдіріп, бәрінің жақсы болатынын жазған.
“Қолдауларыңызға рақмет. Бәрі жақсы болады.
Денсаулық – ең үлкен байлық! Ең қымбат сыйлық. Ең басты капитал. Бірақ біз кейде оны ұмытып кетеміз. Көңіл-күймен жүр. Саяхатта. Арманда. Өмір бір рет беріледі. Оны ренішпен емес, ризашылықпен өткіз”, – деп жазған ол.