Полиция қызметкері тұрғынды көлікпен қағып, мерт қылды

1 397

Фото:  Polisia.kzБҚО-да полиция департаменті көші-қон қызметінің қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 1 қаңтарда Меловые Горки ауылының маңында болған.

Жол апатына ауданнан тыс жерге шығуға рұқсаты жоқ Ақжайық аудандық Ішкі істер бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкері себепкер болуы мүмкін екені хабарланды.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті өкілдері жол апатын растап, Қылмыстық кодектің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты жарығы жоқ жолда болған. Медициналық сараптама оның мас күйде болмағанын көрсетті. Көлік жүргізген полицей ішкі істер органдарынан босатылды. Қызметтік тергеу тағайындалды, басқа ақпарат жариялауға жатпайды», - деп түсіндірді полиция өкілдері.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.