Полицейлерді пышақтамақ болған ер адам 5 жылға сотталды
ІІМ полицияға қарсылық көрсетіп, бағынбау әрекеттері үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Мәселен полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданып, заңсыз әрекет жасағаны үшін 225 азамат сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мысалы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жұбайымен жанжалдасқан ер адам екі учаскелік полиция инспекторына пышақпен ұмтылып, оларды жарақаттаған.
Ақтөбе облысының Қандыағаш станциясында да осындай жағдай болды. "Астана – Атырау" бағытындағы пойыз жолаушысы алкогольдік ішімдіктерді ішкеннен кейін патрульдік қызмет инспекторларына физикалық қарсылық көрсетті. Денсаулыққа зиян келтіргені үшін ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды.