Кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

1 412

Фото: Lukas GojdaБүгін Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қатысты кәмелетке толмаған адамды зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасау фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сотта прокурор 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан. Ол денсаулық жағдайын алға тартып, жазаны өтеуді кейінге қалдыруды сұраған. Сот оның өтінішін қанағаттандырған жоқ.

«Істің мән-жайын және А-ның жеке басын ескере отырып, оған түпкілікті 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ А. өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», - делінген соттың хабарламасында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.