«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы кәсіпкерлерді қолдайды

477

Фото: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/448187?lang=ruРеспублика көлемінде кәсіп бастаушыларға мемлекет тарапынан қолдайтын бағдарламалар өте көп. Қазіргі таңда  Қызылорда облысында  мемлекеттің көмегіне жүгініп, кәсіп бастап, кәсібі барлар бизнесін кеңейтіп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы кездері облыста сән салондарының қатары көбейіп, халық игілігіне жұмыс жасауда. Солардың қатарында «SAGA» сұлулық салоны да бар. Кәсіпкер Алина Сергеева біраз уақыт сұлулық салонын ашуды арман етіп, біршама сатылардан өткен.

«Іс жүзінде бәрі менің миымда басталды. Маған ұнайтын, шабыттандыратын және әрине, пайда әкелетін мамандық іздеу керек деген ой пайда болды. Мен әр түрлі салаларда бағымды сынап көрдім, оның ішінде жаныма жаққаны сұлулық индустриясы болды. Сұлулық салонында біраз уақыт жұмыс істеп, осы саланы іштей зерттегеннен кейін мен өз салонымды ашам деп шештім. Содан бері жұмыс мені шабыттандырғаны сонша, мен барлық уақытымды өз кәсібімді дамытуға жұмсайтынмын», – дейді кәсіпкер Алина Сергеева.


Айта кететін жайт, кәсіп иесі 2021 жылы айналым қаражатын толықтыруға несие алып, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтінім берген. Нәтижесінде жобаны «Сбербанк» екінші деңгейлі банкі қолдап, бүгінде бағдарлама шарты бойынша несиені алты пайызбен төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.