Туберкулез диспансерінде жүкті әйел көз жұмды

1 344

Фото: pixabay.comСтепногорда 24 жастағы жүкті әйел Көкшетау қаласындағы туберкулез диспансерінде қайтыс болды. Қайғылы оқиға осы демалыс күнінде орын алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Aikyn.kz порталына сілтеме жасап.

Белгілі болғанындай жүкті әйел Степногорск қалалық әкімдігінде әдіскер болып қызмет еткен. Өткен жылдың соңында ауырып, бацилла тасымалдаушысы екені анықталған. Соңғы рет тек 2022 жылы ғана флюралық тексерістен өткені белгілі болған. Ал осы жылдың қаңтарында қалалық ауруханада пневмония болып жатқаны мәлім болды. Алайда ауруханада одан туберкулез екенін ешкім анықтамаған болып шықты. 

17 қаңтар күні жүктілігіне бес ай болған әйел Көкшетауға қалалық туберкулез диспансеріне жеткізіліп, онда өткен аптаның соңына дейін ем қабылдаған. Дәл апта соңында оған жұбайы мен ата-аналары да келген. Әйел олармен бірге үйге қайтқысы келген. Бірақ қалдырылған соң ол дәрі қабылдаудан бас тартқан. Ақыры қолхат жазған әйел үйіне кеткен. Бейсенбі күні кеткен әйел сенбі күні өте мүшкіл жағдайда ауруханаға қайта жеткізілген. Тексеріс нәтижесі жүрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі мен туберкулезді анықтаған. Дәрігерлердің әрекет еткенімен әйел туберкулез ауруханасында көз жұмды. 

Оқиғаға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме беретінін хабарлады.