Басшылықпен ренжіскен мектеп қызметкері белгісіз жағдайда көз жұмды

338

Өскемен қаласындағы №25 мектепте тазалықшы болып жұмыс істейтін әйел қаза тапты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.



ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 15 қыркүйекте болған. Әуелде куәгерлер марқұм әйел мен директордың білім жөніндері орынбасары арасында ұрыс-керіс болғанын айтады. Ол ашу үстінде белгісіз дәрі ішіп қойып, орынбасардың кабинетінің жанында көз жұмған делінген.


Осы дерек бойынша, ҚК 105-бабына сәйкес (Өз-өзіне қол салуға итермелеу) сотқа дейінгі тергеу басталған. Кейін анықталғандай, марқұм қызметші гипертония дертіне шалдыққан және жүрек ауруы да бар екен. Іс қайта өзгертіліп, 105-бап күшін жойды,— дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.