Екі жасөспірім скутермен КамАЗ-ға соғылып, мерт болды
Павлодарда 9-сыныптың екі оқушысы скутермен КамАЗ-ға соғылып, мерт болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Massaget сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Павлодар-Ақсу бағытындағы Нұрлы жол көпірінде болған. Скутерге мінгесіп алған екі жасөспірім жол шетінде тоқтап тұрған жүк көлікке соғылған.
Қатты соққыдан артқы орындықта отырған жасөпірім оқиға орнында көз жұмса, рөлді тізгіндеген бала ауруханада жан тапсырды. КамАЗ маркалы жүк көлігінің жол жөндейтін компанияға тиесілі екені белгілі болды.
Қаз
Рус






