9 айда 10 000-ға жуық жол-көлік апаты тіркелген
Бас прокуратура соңғы 9 айда елімізде 9,8 мыңнан астам жол-көлік апаты тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан 1,6 мың адам қаза тауып, 14 мың адам зардап шеккен.
Жыл басынан бері Алматы қаласында – 2556, Алматы облысында – 961, Жамбыл облысында – 695, Түркістан облысында – 616, Астана қаласында – 570 жол-көлік оқиғасы болған. Жылдамдықты асырудың – 2 381, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 1 473, жол белгілерін сақтамаудың – 380 фактісі тіркелген.
Апаттың 88%-дан астамына жүргізушілер (8 703) кінәлі екені анықталды. Көлік басқару кезінде 305 жүргізуші алкогольге және есірткіге мас болған.