Балабақша тәрбиеленушілері астан уланды

1 357

Фото: istockphoto.comОблыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігердің көмегіне 37 адам жүгінген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылындағы балабақшада бүлдіршіндер жаппай уланып қалған.

Олар іш ауруына шағынып, жедел-жәрдем шақырған. Медициналық тексеруден кейін бір ересек пен 3 бала ауруханаға жатқызылған. Қалғандары амбулаторлық емге жіберілді. Ал балабақша жабылып, құзырлы органдар тексеру жұмыстарын бастаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.