Мемлекеттік тілде ақпарат ұсынбаған жанармай бекетіне айыппұл салынды

198
"Гелиос" жанар-жағармай құю станциясы 414 000 теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Ведомствоның ақпаратынша, "Гелиос" ЖШС-ның Көкшетау филиалы Кеден одағының "Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін тауарды сатқаны жауапқа тартылды.

Тексеріс барысында "MANNOL EXTREME 5W40, 1 L, майының өндірушісі: SCT Lubricants, Infoline: SCT-VERTRIEBSGMBH Feldstrasse 154 22880 Wedel/Hamburg Germany" маркалы мотор майының таңбалану бөлігінде КҚ ТР 4.4 тармағының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде ақпарат жоқ екені анықталды.
Сондай-ақ ұсынылған бейнематериалдар бойынша заңды тұлғаның талабы бойынша сапа паспортының көшірмесін немесе қауіпсіздік паспортының көшірмесін сатушының ұсынбауы жайлы факт тіркелді, - делінген хабарламада.

Субъектіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 414 000 теңге айыппұл салынды.

 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.