Қоғамдық көлікте ер адам жыныс мүшесін шығарып, мастурбация жасаған

744
Алматыда №63 бағытта қатынайтын қоғамдық көлікте ер адам жас қыздың көзінше жыныс мүшесін шығарып, сексуалды әрекет жасаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агентігі.



Оқиға куәгері «НемолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәріге хатпен қоса
видеосын жолдаған.

Менен сәл әріректе отырған жігіт маған біртүрлі қарап отырды. Қорқа бастадым. Аздаған уақыттан соң маған қарама-қарсы орынға келіп отырды. Мен оның шалбарының ауы барлығына көрінетіндей ашық тұрғанын байқап қалдым. Бір кезде ол өзінің мүшесін шығарып қоздыра бастады. Басқа орынға ауысып едім қайтадан маған қарама-қарсы келіп отырып алды. Сосын әрине автобустан тұра қаштым. Басқа адамдарда да осы оқиға қайталанбас үшін ол адамның ұсталғанын қалаймын, - делінген хатта.

Дина Таңсәрінің жазуынша мұндай сұмдық көріністің еріксіз куәсі болған қыздың жасы 22-де. Қыз видеоға түсіріп алудан басқа қолынан ештеңе келмегенін, шошып қалғандығын жеткізген. Айтуынша, ол кезде қоғамдық көлікте небәрі 4-5 қана жолаушы болған екен.