Ақтөбеде 23 млн теңгесін ұтысқа тігіп жіберген жігіт 8 жылға сотталуы мүмкін

367

Ақтөбеде "ақшам ұрланды" деп полицияға жалған ақпарат берген жігіттің үстінен іс қозғалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Ақтөбедегі №2 қалалық полиция бөліміне 29 жастағы ер адам арызданды. Ол 101-атқыштар дивизиясы көшесінде Lada Priora автокөлігінен белгісіз біреулер полиэтилен пакетке салынған 23 миллион теңгесін ұрлап кеткенін айтады.

Полиция қызметкерлері дереу іске кірісті. Тексере келгенде ер адам ұрлық туралы өзі ойдан құрастырғаны анықталды. Күдікті ретінде танысын айтқан. Шын мәнінде ол ақшаны әйеліне айтпай ұтысқа тігіп жіберген.

Аталған дерек негізінде ҚК-тің 419-бабы 3-бөлігі (Көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру жүргізіліп жатыр.
Осы баптың санкциясы бойынша қылмыс жасаған адам 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.