700-ге жуық нәрестеге тегін берілуі тиіс дәріхана қорабы берілмеген
Талдықорғанда перзентханалардағы нәрестелерге тегін берілуі тиіс дәріхана қорабы берілмеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мұндай заңсыздықты прокурорлар анықтады.
«Заңға сәйкес, жаңа туған баланың анасына дәріхана қорапшасы берілуі тиіс. Алайда, аталған мекеме 2023 жылы бұл талапты орындамаған. Прокуратураның араласуынан кейін 673 баланың анасы дәріхана қорапшасымен қамтылды»,- делінген Жетісу облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, мұндай олқылыққа жол берген жауапты мамандар тәртіптік жазаға тартылды.