ҚМА: Қызылордада 1,8 млрд теңгелік криптооперациямен айналысқан екі адам ұсталды
Қаржы мониторинг агенттігінің Қызылорда облысындағы департаменті заңсыз криптоақша тауып, есірткі саудасымен айналысқан екі азаматтың ісін тергеп бітті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, олар бір жыл бойы заңсыз цифрлы ақшаны жылыстатып, «екінші табыс көзі» ретінде есірткі сатқан.
Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған. Сот бұл мүліктерге арест қойған.
Қаз
Рус






