ҚМА: Қызылордада 1,8 млрд теңгелік криптооперациямен айналысқан екі адам ұсталды

1 744

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотҚаржы мониторинг агенттігінің Қызылорда облысындағы департаменті заңсыз криптоақша тауып, есірткі саудасымен айналысқан екі азаматтың ісін тергеп бітті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, олар бір жыл бойы заңсыз цифрлы ақшаны жылыстатып, «екінші табыс көзі» ретінде есірткі сатқан.

«Олар бір жыл бойы Binance платформасында цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген. Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты. Сонымен қатар, күдіктілер «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» және «SkittyShop» Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған», - деп хабарлайды ҚМА.

Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған. Сот бұл мүліктерге арест қойған.

«Қылмыстық іс сотқа жолданды.  Екі күдікті қамауға алынды», - деп хабарлайды ҚМА.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.