Студенттің баласын қолына алып, дәрісін жалғастырған профессорге жұрт сүйсінді

383

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтында студенттің баласын қолына алып, дәрісін жалғастырған профессор көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.  

Дикс есімді профессор студенттің тоғыз айлық баласын қолына алып, дәрісін жалғастырған. Ол, осылайша балақайдың анасы дәрісті мұқият тыңдап, білім алуына ешқандай кедергінің болмауына жағдай жасағысы келіпті.

Белгілі болғандай, студент баласына қарайласатын адам таппағасын, профессорға өз жағдайы туралы хабарлайды. Дикс "студентіне еш уайымдамастан баласымен дәріске келе беруіне рұқсат беріп, тіпті оған өзі қарайласытынын" айтыпты.

Бұл жайттың видеосы Instagram желісінде жария болып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Олар студенттің жағдайына түсіністікпен қарап, көмек қолын созған профессорға мақтауларын жаудырды.

 "Балақайлар жақсы адамды сезе біледі, өзін еркін ұстап тұрғаны бұған дәлел. Керемет", "Бүлдіршін мәз", "Профессор Дикстің бұл көмегі талай анаға керек ау", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.