Мектепте баспалдақтан құлаған оқушы комаға түсті

2 322

Астанадағы мектептердің бірінде баспалдақтан құлаған  оқушы комаға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"НеМолчиKZ" қоры хабарлағандай, оқыс жағдай үзіліс арасында болған. 


Құқық қорғаушы Динара Смаилованың сөзінше, жедел жәрдем ұзақ жеткен. Ал қабаттар арасынла орналасқан камералар жұмыс істемепті. 


"Қазір балаға Түркияда шұғыл ота жасау керек. Ол бас жарақатының кесірінен көзі көрмей бара жатыр", – деп жазды ол. 


Балаға ашық бас сүйек-ми жарақаты, торлы сүйектің сынуы, маңдай сүйегінің сынуы, пневмоцефалия, көз алмасының ісуі, периорбиталды ісу диагнозы қойылған.


"Мектеп директоры жауапкершіліктен қашып, әкімшілік айыппұлға үміттенеді. Міндетіңізді дұрыс атқармағандықтан денсаулыққа ауыр зиян келді. НеМолчиKz қоры жедел түрде №14 мектеп директоры мен білім беру департаменті отаның құнын, материалдық және моральдық өтемақы төлеуді талап етеді", – деп қосты құқық қорғаушы. 


Балалар құқығы бойынша уәкіл Динара Закиева баланың анасымен байланыста екен мәлімдеді. Сондай-ақ оқушы есін жиған, қазір қылмыстық іс қозғалыпты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.