Мердігерлер жол құрылысының 43,4 млрд теңгесін жымқырған

290
Елімізде жол құрылысы кезінде 43,4 миллиард теңге ұрланған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бас прокуратура «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ға, Автомобиль жолдары комитетінде және жергілікті әкімдіктерге тиісті тексерулер жүргізген.

Жол құрылысы кезінде 43,4 миллиард теңге ұрланған, ол түгелдей «ҚазГерСтрой» ЖШС қалтасына түскен. Сонымен қатар сегіз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бөлінген қаражатты тиімсіз пайдалану деректері анықталды. Әңгіме 600 миллион теңге туралы болып отыр, – делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.


Бюджет ақшасын жымқыру үшін мердігерлер құрылыс материалдарына 70 жалған сертификатты пайдаланған, он жағдайда стандартқа сәйкес келмейтін материалдар пайдаланылған.

Бас прокуратураның мәліметінше, шенеуніктер мердігерлердің орындалмаған шарттық міндеттемелер мен тұрақсыздық айыбы бойынша қарыздарына да көз жұмған.

Салдарынан мердігерлердің шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін өтелмеген дебиторлық берешегі 6,8 миллиард теңге, ал өсімпұл сомасы 636 миллион теңге болған. Олар жеткізуші – Computer Vision Technologies ЖШС қызметтерінің бағасы үш есе артып, 138,8 миллиард теңге болуымен байланысты болды. Қазіргі уақытта қаражатты иемдену мен ысырап етудің, сонымен бірге лауазымдық өкілетті теріс пайдаланудың барлық дерегі бойынша (осының барлығынан залал 45 миллиард теңгеден асады) 23 қылмыстық іс қозғалды. Бұдан әрі тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен финмониторинг агенттігі айналысады. Прокурорлар 24 миллиард теңге болатын бюджет шығынының алдын алып, 17,3 миллиард теңге болатын заңсыз тендердің нәтижесін жойған,- деп хабаралады Бас прокуратура.