Өгей қыздарын зорлаған педофил өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы беріле ме?

1 625

Фото: Pixabay.comПавлодарда қыздарын зорлап келген өгей әкеге үкім шықты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ер адам 24, 22, 19 жастағы және 15-тегі қыздарды 2015-2017 жылдар аралығында зорлап келген. Кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс жабық өтті. Сот ер адамның кінәсі дәлелденгенін айтты. Бірақ 46 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған жоқ. Себебі жаза жақында ғана қатаңдатылды.

“2017 жылғы 11 шілдедегі өзгертулермен Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі “Кәмелетке толмағанды зорлау” бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын”, — деп хабарлады Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.