Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитын оқушы қызды пышақтап кеткен

1 607

Фото: primeminister.kz26 мамыр күні елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы бірнеше пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде зардап шеккен жасөспірім қыздың 12-сынып оқушысы екені, оған қарын, мойын, жамбас және қол аймағына пышақ жарақаттары салынғаны туралы айтылады. Алдын ала мәлімет бойынша қызды оның кездесіп жүрген жігіті пышақтап кеткен. 


Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы аталған фактіні растап, 18 жасар қызды өлтіруге оқталу фактісіне сәйкес қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары қолға алынғанын жеткізді. 


"Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Барлық қажетті сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады елордалық полиция.


Желіде қыздың іші, бөксесі, қолы мен мойнынан жарақат алғаны айтылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.