«40 мың төлемегенсің»: Перзентханада әйел жан тапсырды
Жамбыл облысында босанып, ана атанған Салтанат Нышанбай жансақтау бөлімінде көз жұмған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмның туыстары дәрігерлердің науқасқа босанғанға дейін де, кейін де тиісті деңгейде көңіл бөлмей, салғырттық танытқанын алға тартқан.
Салтанаттың жақындарының сөзінше, орын алған жағдайға тек бір адамды кінәлау дұрыс емес.
Емханаға тіркеле алмаған Салтанаттың уақыт өте жағдайы нашарлап, аяқтарының ісіп, өзін жайсыз сезінгенін жазған хаттары да болған. Туыстарының айтуынша, ол амалсыздан акушердің байланысын алып, кеңес сұрап отырған. Марқұмның анасы перзентхана дәрігерлері де қызына дұрыс күтім көрсетпеді деп күйінеді.
Дәрігерлер әйелді кесарь тілігі арқылы босандырған. Алайда бір апта өткен соң оның жағдайы күрт нашарлап, ес-түссіз күйге түсіп, комаға кеткен. Бір айдан кейін Салтанат өмірден өткен. Ал облыстық перинаталдық орталық өкілдері бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.
Тағы да оқыңыздар







