Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған мас ер адам ұсталды

163

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылса да рөлге отырған мас ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қызылорда полицейлері BMW жүргізушісін 11 қарашада Текей батыр көшесінде тоқтатты. Құқық қорғау органы өкілдеріне мас жүргізуші туралы дерек ақпарат жедел басқару орталығынан келіп түсті.


"Тексеру барысында автокөлік тізгініндегі облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны мас күйінде болғаны анықталды. Сонымен қатар, 2022 жылдың қыркүйегінде сот шешімімен оның 7 жылға жүргізуші куәлігінен де айырылғаны белгілі болды", - деді Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.