Қазақстанда ұл балаларға жаңа екпе салынады

1 500

Фото: Informburo.kzҚазақстанда 2027 жылдан бастап 11 жастағы ұл балаларды адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Құрылтайда 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 2027 жылы адам капиталына 10,5 трлн теңге қарастырылған. Оның ішінде денсаулық сақтау саласына 2,5 трлн теңге бағытталады. Қаражат тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және медициналық сақтандыруға жұмсалады. 

Үкімет денсаулық сақтау саласын қаржыландырумен қатар, аурулардың алдын алуға да басымдық бермек. 

Мәселен, 2027 жылдан бастап төрт өңірде өкпе обырын ерте анықтауға арналған жаңа скрининг түрі пилоттық режимде енгізіледі. 

Ал АПВ-ға қарсы вакцинация ұл балалар арасында да жүргізіледі. Қыз балаларға бұл екпе 2025 жылдан бері салынып келеді. 

Сонымен қатар әлеуметтік көмекті атаулы ету шаралары нәтижесінде бюджет шығыны 702 млрд теңгеге оңтайландырылған. Әлеуметтік төлемдерді индекстеу, туу көрсеткішінің және өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты қосымша 739 млрд теңге бөлінеді. 

Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшіруге байланысты 453 млрд теңге қайта бөлінеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.