Павлодарда түнгі уақытта көшеде ән айтқан жігіт жауапқа тартылды

508
Павлодарда түнгі уақытта көшеде ән айтқан жігіт жауапқа тартылды деп хабарлайды Polisia.kz.

Құзырлы органның мәліметінше, Павлодар қаласының полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде түнгі сағат 04.00 шамасында Шөкин көшесінде ән айтып жүрген жігітті байқаған.

Анықталғандай 21 жастағы павлодарлық тұрғын мас күйде болған. "Осындай мінез-құлық үшін жас жігітке қатысты ӘҚБК 440-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, тек бір тәулік ішінде мас күйдегі 34 адам ұсталды", - дейді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Алтынбек Медияров.

Ведомство Павлодар қаласының жолдары мен көшелеріндегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында полиция басқармасының қызметкерлері тұрақты рейдтік іс-шаралар жүргізіп отыратынын атап өтті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.