Елде енді теміржолшылар бас көтеріп жатыр

852

Қызылорда облысының Арал ауданындағы "Қамқор Локомотив" депосында істейтін жұмысшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевақа хат жолдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Теміржолшылар 100 пайыз жалақымызды көтерсін деп талап қойып отыр.

Мемлекет басшысының атына жазылған арызға 200-дей жұмысшы қол қойған. Олар қазіргі алатын жалақысы 100-120 мың теңге көлемінде. Қыстың суығы, жаздың аптабына қарамай тепловоз жөндейтін жұмысшылар үшін бұл өте аз деп қынжылады. Теміржолшылар талаптары орандалмаса, жұмыстарын тоқтатамыз деп бекініп отыр.

Қазір мұндай айлықпен өмір сүру қиын. Айлығымыз шайлығымыздан артылмайды. Жұмыс өте ауыр. Біз оның үсітне экологиялық аймақтамыз. Тез арада жалақы мәселесін шешіп берсін.
дейді жұмысшы Бахтияр Ізбасаров.

Ал "Сексеуіл" локомотив жөндеу депосының директоры Мұхтар Кеулімжаев жаңа жылдан бері жұмысшылардың айлығын 40 пайызға көтергенін айтады. Сондықтан теміржолшылардың дәл қазіргі талабы орынсыз дейді.

Біздің мекемеде қаражат тапсырысқа қарай болады. Қазір 120 мың теңге деген айлық жоқ. Ең төменгі жалақы 160-200 мың теңге арасында. Жұмысшылардың талабын бүгінгі жиналыста тағы қарастырамыз,- дейді Мұхтар Кеулімжаев

Соған қарағанда жұмысшылардың Президентке жазған арыздарынан да нәтиже болмайтын сияқты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.