Ақша ұрлаған қызылордалық мәжбүрлі еңбекке тартылды

340
Жуырда Е. есімді азамат  ҚР ҚК-нің 188-бабының 3- бөлігінің 3- тармағымен кінәлі  деп танылып, екі жыл  бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

Өзінің айтуынша көшеде тұрған автокөліктің  есігінің ашық екенін байқап, ішіне кіріп көліктен алатын ештеңе таппаған соң 5000 теңге ақшаны ұрлап кеткен. 


Қазіргі таңда ол өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органы белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне 4 сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда. 


 Қызылорда қалалық пробация  есебінде 500-ден астам  сотталған есепте болса, пробация қызметінің инспекторы әділет  капитаны Жадыра Исмайлованың өндірісінде 25 сотталған. Әділет капитаны Ж.Исмайлова өз өндірісіндегі сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы,сот жүктеген міндеттерді орындауы тұрғысында профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Оның айтуынша өндірісіндегі 25 сотталғанның 3-еуі мәжбүрлі еңбекке тартылған,күнделікті осы мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталғандарды жұмыс орнынан тексеріс жұмыстары жүргізіледі.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.