Қызылордада пышақ жарақатын алған әйел жансақтау бөліміне жатқызылды

353
Қызылордада пышақ жарақатын алған әйел жансақтау бөліміне жатқызылды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” арнасына адам өлтіруге оқталу дерегімен хабарлама түскен.

Қызылорда қаласында орналасқан демалыс орындарының бірінде қала тұрғындарының арасында жанжал болып, ер адам жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салған. Қазіргі уақытта жәбірленуші әйел аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Қызылордалық полицейлердің кәсіби шеберлігінің арқасында күдікті “ізін суытпай” ұсталып, басқарманың уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен және 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiруге оқталу, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.