Вахталық автобус апатқа ұшырап, 50 адам зардап шекті

1 512

Фото:© ҚР ТЖМҚарағанды облысында салонында 50 адам болған вахталық автобус аударылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Зардап шеккен үш адам тікұшақпен медициналық мекемелерге, тағы 30 адам ауылдық ауруханаға жеткізілген. Оқиға Қарқаралы ауданына қарасты Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, көлік ішінде 50 адам болған. Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетті.

ТЖМ әуе кемесімен үш адам Қарағанды қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Сонымен қатар, ТЖМ күштері вахталық көлікпен жедел жәрдем және Апаттар медицинасы орталығы мамандарының сүйемелдеуімен 30 адамды Ботақара ауылындағы ауруханаға жеткізді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа деп бағалануда.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, "Матақ" ТМҚП, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы, "Қазавиақұтқару", жедел жәрдем бригадалары және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жағдай ТЖМ бақылауында.