1,8 млн қазақстандық 85 мың теңге жалақы алады

23

Фото: Kazpravda.kzҚазақстандықтар ең төменгі жалақы – 85 мың теңгеге күн көріп жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Статистикаға жүгінсек, елімізде 1,8 млн азамат ең төменгі жалақы 85 мың теңгені алып жүр. Оның ішінде шамамен 361 мың адам – азаматтық жұмысшылар, - деді Светлана Жақыпова Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ министр АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алушылардың саны азайғанын жеткізді.

2023 жылдың соңында 571 мың азамат атаулы әлеуметтік көмек алса, қазір бұл көмекті алатындардың саны 380 мыңнан асты, - деді ведомство басшысы.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.