Банкроттық туралы заңға өзгерістер енеді

1 593

Фото: freepikҚаржы вице-министрі Ержан Біржанов азаматтардың банкроттығы туралы заңның 24 бабына өзгерістер енетінін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оның сөзінше, заң баптарын өзгерту кезінде былтырғы проблемалар ескерілген.


«Кейбір құжаттарды алып тастау көзделген. Енді тек қана арыз береді, тексеру жұмыстарын өзіміз жүргіземіз. Банктік реттеу қағаздары керек емес. Сыртқа шығуға байланысты мәселелерді қайта қарадық. Процестерді автоматтандыру бойынша 24 бапқа өзгеріс енгізіліп жатыр. Депутаттар қолдап отыр. Заң қабылданған соң, екінші жартыжылдықтан кейін іске асатын болады», - деді ол.

Қаржы вице-министрі айтқандай, бүгінгі таңда 12 мың адам банкрот болып танылған. 27 млрд теңге сомасындағы қарыз кешірілген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.