Медицина қызметкерлері жұмыс кезінде ішімдік ішіп, отырыс жасаған

1 516

Фото:© Кадр видеодан: t.me/kozachkowСәтбаевтағы ауруханалардың бірінде медицина қызметкерлері ішімдік ішіп, отырыс ұйымдастырған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәтбаев қаласындағы ауруханалардың бірінде түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған. (Видео) Наурыз мейрамы қызу өтіп жатқан сәтте жергілікті тұрғындар медициналық мекемеге көмек сұрап келген. Алайда, олардың сөзінше, тиісті көмектің орнына ішімдік иісі сезіліп, медицина қызметкерінің түсініксіз әрекеттеріне куә болған. 21-ші наурыз күні күндіз аурухана аумағында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткен. Ал кешкі уақытта кезекші дәрігер мен кейбір қызметкерлердің дастархан жайып, ішімдік ішкені белгілі болды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл іс-шараны өткізуге аурухана әкімшілігі ресми түрде рұқсат бермеген. Сонымен қатар аталған жағдай туралы басқармаға дер кезінде хабарланбаған, сондықтан ведомство бұл оқиға жөнінде тек мерекелік демалыс күндерінен кейін ғана білген.

Оқиғадан кейін басқарма басшылығы жедел түрде ауруханаға барып, тексеру жұмыстарын жүргізген. Тексеру нәтижесінде кезекші дәрігер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылған. Сондай-ақ аурухана директорының міндетін атқарушы орынбасарына және екі мейірбикеге қатаң сөгіс жарияланған. Тәртіптік кеңес отырысында аурухана директоры еңбекке уақытша жарамсыздық парағынан шыққаннан кейін, оған қатысты да тиісті шара қолдану мәселесі қаралатыны хабарлаған. Құзырлы органдар мұндай жағдайлардың медицина қызметкерлерінің кәсіби этикасына қайшы келетінін атап өтіп, тексеру жұмыстарының бақылауда екенін мәлімдеді.