Түркістанда облысында 22 жастағы келіншек үшем босанды

330
Түркістан облысының № 2 облыстық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 жастағы Гүлмира Мирзаева № 2 облыстық перинаталдық орталығында үш қыз босанды. Жаңа туған нәрестелерге Фотима, Зухра, Хадиса есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы 2 200 гр, 2 310гр, 1 980 гр болған», делінген хабарламада.

Мерзімінен ерте дүниеге келген үшем периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған. Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты, үшем перзентханадан шығуға әзір.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының ұлы мен қызы бар. Көпбалалы ана үй шаруасында отырған әйел. Ал, отағасы жеке кәсіпкер. Бұған дейін 2 баласы бар отбасының перзенттері осылайша бес балаға көбейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.