Шымкенттік бес жігіт 15 жастағы қызды зорлап кетті

617
Шымкент қаласында бес жігіт кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі видеода 15 жастағы қыздың өкілі бес жігіт қылмысты қалай жасағанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, жасөспірімді лоджияда қамап қойған. Кейін үйдің иесі оны асүйге кіргізіп, зорлаған. Одан кейін достары кезек-кезек кірген.

Шымкент қалалық полиция департаменті берген ақпаратқа сәйкес, бұл қылмыс Абай ауданында тіркелген. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлігі ("Зорлау, адамдар тобымен жасалған әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған қылмыс үшін тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.