Жаздың алғашқы айында Қазақстанның үш облысында құрғақшылық болады деп болжануда
334
Маусым айында Қазақстанның үш облысының кей аумақтарында құрғақшылық болады, дейді "Қазгидромет",- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Алдын ала болжамға сәйкес, маусым айында республиканың басым бөлігінде құрғақшылықтың туындау ықтималдығы төмен, негізінен ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бірқалыпты құрғақшылық болжанады. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қатты құрғақшылық болады", - дейді бейсенбі күнгі жарияланған жазбада.
"Қазгидромет" мәліметінше, қолайлы орташа ылғалды жағдай Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысының Сайрам ауданында болады деп күтілуде.
"Құрғақшылықтың қарқындылығы мен әсері, Қазақстанның әр аймағында әр түрлі көрінеді. Қызылорда және Маңғыстау облыстары агроклиматтық аудандастыруға сәйкес, VIII агроклиматтық аймаққа жатады және құрғақшылыққа ұшыраған өте құрғақ, ыстық аймақ ретінде сипатталады", - дейді синоптиктер.