«Тұрмысы төмен отбасынан шыққан сүйкімді қыздарды алған» - порностудия ұйымдастырушысына сот үкімі шықты

179

Шымкентте порнография таратумен айналысқан топ ұйымдастырушысы 12 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Онлайн трансляция жасайтын порностудия 2021 жылдың шілдесінде мониторинг барысында анықталған. Кейін полицейлер жарты жыл ішінде барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының тұрғындарының ізіне түсті. Оның ішінде 5 Қырғызстан және 5 Қазақстан азаматы бар.


Белгілі болғандай топ мүшелері ірі қалалардағы жалдамалы пәтерлерде жабдықталған 10-нан астам веб-порностудия ашқан.Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істепті, оның ішінде 2-і кәмелетке толмаған. 


“Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің бес бабына сәйкес 9 айдан астам уақыт бойы жүргізілді, оның ішінде (Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді дайындауға тарту), (Ұйымдасқан топты құру және басқару), (Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату) және (Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және олардың айналымы немесе порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуы)”, – дейді Шымкент қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Әбуов.


Полицейлердің пайымдауынша бұл онлайн режимде жұмыс істеген Қазақстандағы порностудияны анықтаудың алғашқы жағдайы. Осы қылмыстық істің бірегейлігі мен күрделілігін ескере отырып, ол полиция департаменті мен прокуратура басшылығының ерекше бақылауында болыпты.


“Тергеу барысында тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі екі тергеушісі жұмыс істеді. Олар іс жүзінде қылмыскерлердің осы қылмыстарға қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жинады. Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеушілер куәгер ретінде 50-ден астам адамнан жауап алды. Олар өздерінің қылмыстық әрекеттеріне қашықтан ағылшын тілінен орыс тіліне аудармашы-операторларды тартқан. Өйткені аталған веб-порно-студияның аудиториясы негізінен шетел азаматтары болған және қызмет ақысын шетел валютасымен төлеген”, – деп қосты Шымкент қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары.


Аталған қылмыстық топты 25 жастағы Қырғызстан азаматы Әлішер Шаршеналиев басқарған. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесінің міндетін өзі бөліп берген. Ал жұмысқа жоғары жалақы беруге уәде етіп, тұрмысы төмен отбасынан шыққан келбеті сүйкімді қыздарды жұмысқа алған екен. 


“Әрбір қыз белгілі бір қатаң ережелерге бағынған. Кез келген заңбұзушылық үшін үлкен айыппұлдар төлеген. Нәтижесінде тергеу тобы қылмыстық істің 167 томын жинап, әр томы 186 беттен тұрды. Яғни, көп томдық іс жалпы 31 мыңнан астам бетті құрады. Бұл осы ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесінің рөлі мен кінәсін дәлелдеу үшін тергеушілерге заттай дәлелдемелерді жинау бойынша тыңғылықты және орасан зор жұмыстарды атқаруға тура келгенін аңғартады, – деп аяқтады Талғат Әбуов. 2022 жылдың мамыр айында тергеушілер істі айыптау қорытындысымен бірге сотқа жіберді”, – дейді Талғат Әбуов.


Нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әлішер Шаршеналиевтің қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Топтың өзге мүшелері 3 жылдан 7 жылға дейін сотталды.