Бір үйдің төрт адамы қайтыс болды

1 402

Фото: depositphotos.comҚостанай облысындағы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында үш бала және олардың атасы иіс тиіп уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 17 қарашада болған. Екі, үш және 8 жастағы үш бала мен олардың 67 жастағы аталары қайтыс болған. 

Балалардың әкесі мен анасы және төрт жасар бала Арқалықтағы ауруханаға жеткізілген. "Тоболинфо" мәліметінше, олар аз қамтылған отбасына жатады. Әкелері жергілікті мектепте өртсөндіруші болып жұмыс істейді екен. 


Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жетіп, ашық жануды байқаған. Өрт 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.  


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.