Қазақстан өңірлерінде қайырымдылық атын жамылып шоулар мен жеке кештер сатып алынған – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік

273

Қазақстан өңірлерінде қайырымдылық атын жамылып, концерттер, ойын-сауық шоулары мен жеке авторлық кештер сатып алынған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  



Оның айтуынша, қазір Қазақстанда сатып алуларды жоспарлау кезінде бағаны негізсіз көтеру маңызды сыбайлас жемқорлық факторы болып отыр. 

Атап айтқанда, ақшаны өздеріне де пайда табу үшін артығымен алып отырған. 


"Кейбір өңірлерде қайырымдылыққа бағытталуы тиіс әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар түрінде концерттер, ойын-сауық шоулары мен жеке авторлық кештерді сатып алып отырған. Тек бір аймақ аясында бұл мақсаттарға 1,7 млрд теңге жұмсалды", – деп хабарлады агенттік басшысының орынбасары


Ұлан Сарқұлов сондай-ақ Агенттік "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп жүйелі негізде бағаның көтерілуіне мониторинг жүргізіп жатқанын хабарлады. Тек осы жылы ғана біздің ұсыныстарымыз бойынша мемлекеттік органдар өз сатып алуларын қайта қарап, бюджеттен 5 млрд теңгеге жуық үнемдеді. 2 жыл ішінде 74 млрд теңгеге жуық қаражат сақталды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы орынбасары қазір мемлекеттік сатып алу бағасын көтергені үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тартылуы көзделмегенін атап өтті.Мәселенің шешімі ретінде агенттік қаржы министрлігіне осы мәселеге немқұрайлы қарайтын шенеуніктерді әкімшілік тәртіпте жазалауды ұсынды.
Сондай-ақ ведомство кейбір сатып алу рәсімдерінің жабықтығы мәселесін қайта қарауды көздеп отыр. Атап айтқанда, қазір тапсырыс беруші "ақпаратты шектеулі тарату" белгісімен сатып алуды жаба отырып, оны іс жүзінде сыбайлас жемқорлық өрісіне енгізеді. Мұндай сатып алу тек қағаз жүзінде жүзеге асырылады және олар іс жүзінде қоғамдық бақылаудан шығады.