Енді бағдаршамның сары белгісіне өткен жүргізушілерге айыппұл салынады
Елімізде енді бағдаршамның сары белгісі жанып тұрған кезде жолда жүруге тыйым салынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Енді Сергек камералары бағдаршамның сары белгісінде жүрген көліктерді анықтап, жүргізушілерге айыппұл салады. Өйткені жол апаттарының көбі сары белгі жанғанда болады.
Әзірге тыйым елдің екі ірі қаласы – Астана мен Алматыда болады.
Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте әзірге мұндай тәртіп жоқ. Бірақ полицейлер сәуір-мамыр айларында шымкенттік жүргізушілерге де осы үшін айыппұл салынатынын айтты.
Енді бағдаршамның сары түсінен өткендерге 36 920 теңге айыппұл салынады, ал 1 жыл ішінде осы заңбұзушылықты қайталаса, айыппұл сомасы үш есе өсіп, 110 760 мың теңге төлейді.