Ақтөбеде велосипедшіні көлік қағып кетті

158

Ақтөбе облысында велосипедшіні көлік қағып мерт қылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 қазанда сағат 00:35-те болған.

«Ақтөбе-Астрахань жолының 175-шақырымында Жақсымай ауылының маңында Lada 210740 көлігінің 27 жастағы жүргізушісі 50 жастағы велосипедшіні қағып кеткен. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.