Құлдықта болған 17 адам елге оралды

1 519

Фото: Оpennews.kz ЖИБиыл жыл басынан бері Мьянма, Камбоджа және Лаоста құлдықта болған еліміздің 17 азаматы қайтарылды, "Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, олардың аман-есен елге оралуына дипломаттар жәрдемдескен. 2026 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Таиландтағы Қазақстан елшілігінің көмегімен Мьянмадан 5 азамат елге оралған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің қатысуымен Камбоджадан 8 және Лаостан 4 қазақстандық қайтарылған", — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдан бері шетелдегі қазақстандық дипломаттардың көмегімен заңсыз ұстап тұру және еңбек қанауы жағдайына тап болған жалпы 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.