Мәйіттерді шошқаға жегізген

1 514

Фото:©pixabay.comРесейдің Березки ауылының мәйіттерді шошқаға жегізген фермері 2011 жылы жасалған кісі өлтіру қылмысы үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

2011 жылдың желтоқсанында 63 жастағы ер адам атқарылған жұмысқа ақы төлеу мәселесіне байланысты жәбірленушімен жанжалдасып қалған. Кейін ол ер адамды денесінің әр жерінен бірнеше рет ұрып, өміріне қауіпті ауыр жарақаттар салған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан көз жұмған. Қылмыс ізін жасыру үшін сотталушы оның денесін өз үйінің аумағына көміп тастаған. Арнайы тергеу іс-шараларының, соның ішінде жасырын агенттің қатысуымен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жәбірленушінің сүйегі 2026 жылдың қаңтарында табылып, жерден шығарылған. Прокурорлар айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Толық үкім зерделенгеннен кейін оны апелляцияға беру мәселесі қаралмақ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.