Қызылорда облысында 20 млн теңгеге сапасыз асфальт төселген

383
 Қызылорда облысында 20 млн теңгеге сапасыз асфальт төселген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Облыста 63 жол құрылыс материалы нормативтік талаптарға сай келмейді.  Сондай-ақ, 20 миллион 350 мың теңгенің сапасыз асфальт жамылғысы қырып алынып, нормаға сай қайта төселген. 

"Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының" Қызылордадағы филиалы жұмыс маусымы басталғалы 169 мәрте тексеруге шықты. 508 сынама зертханалық зерделеуден өтті. Тексеру кезінде 63 жол құрылыс материалының нормативтік талаптарға сай емес екені анықталды. Мекемеміздің тарапынан мердігерлер мен тапсырыс берушілерге ескертпе хаттамалар жіберілді.Жол салушы компаниялар едәуір шығынға батты. Сондықтан аталған сала мамандарына жолдарды сапалы салуға назар аударуын сұраймыз", – дейді филиал директоры Ерболат Көштаев.

Мамандардың айтуынша, көбіне асфальттың тығыздығы мен қалыңдығы нормаға сәйкес келмейді. Яғни, жолдың құрылысына жауапты техникалық қадағаушылар тиісті бақылау жүргізбей, мемлекеттік стандартқа сай келетін зертханаларға жүгінбейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.