Қызылорда облысында төрт күннен бері ер адам іздестіріліп жатыр

377

Фото: polisia.kzҚызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны төрт күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл жөнінде аудандық полиция бөлімі хабарлады.


Жаңақорғандағы Қожамберді ауылының 44 жастағы тұрғыны Асылбеков Абайхан 18 қыркүйекте таңғы сағат 5:00 шамасында белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері қайта оралмаған.

«Үстінде қара спорттық киім болған, аяғына ақ кроссовка киген. Хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша қандайда бір мәлімет болған жағдайда Жаңақорған ауданының Полиция бөліміне, 8-(72435) 24-1-55, 24-1-58 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұраймыз», - делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.