Әкімдік ауыл мектебін 15 млн теңгеге сатып жіберген

123

Алматы облысы Шалқар ауылының орта мектебі жекенің қолына сатылып кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Депутаттың сөзінше, Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шалқар ауылының орта мектебі 15 миллион теңгеге сатылған.


“Сіздерге бір сұмдықты айтайын. Біз бар мектептің өзін сатып жатырмыз қазір. Қарасай ауданы Шалқар ауылында Ломоносов атындағы орта мектепке соңғы жылдары толығымен ремонт жасалып, жаңадан спорт залын салып берді. Ауыл балалары қуанып жүргенде, мектепті жекенің қолына сатып жіберген. Кім сатады? Әрине, оны әкімдіктен басқа кім сатушы еді. Ол біреуден алған 15 миллион теңгеге сатқан, одан тізбектеліп, әрі қарай 80 миллионға басқа біреуге сатқан. Бұл мәселені прокуратураға айттым. Олар "шамамыз келмейді" дейді. Сот біздің шағымымызды қабылдамайды деп отыр”, – дейді депутат. 


Мәжілісменнің дерегінше, сол ауылда құлайын деп тұрған тұрғын үйдің өзі 17 миллион теңге тұрады. Ал бүтіп бір мектепті 15 миллион теңгеге сату миға сыймайтынын айтқан депутат Алматы облысы әкімдігіне 2 ай ішінде мектепті қайтарып алуды талап етті.