Шымкентте карантин күшейтіледі

363

Фото:Travel.livejournal.comШымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес, шаһарда 12 сәуірден 26 сәуірге дейін шектеу шаралары күшейтіледі. 

Мәселен, қала тұрғындары мен қонақтарына кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (ауызашар, еске алу, туған күн, мерейтой, құдалық, үйлену тойы, беташар және т.б.).

Ал жасы 65-тен асқан адамдардың қалада жүруіне шектеу қойылады. 

Сонымен қатар азаматтар қоғамдық көлікте, қоғамдық орындарға және қызметіне рұқсат етілген нысандарға, ашық жерде орналасқан қоғамдық орындарға барған кезде маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, антисептикті қолдану сынды талаптарды қатаң сақтауға міндетті. 

5 жасқа дейінгі балалардан және далада спортпен шұғылданған кезде маска тағу талап етілмейді. 
Одан бөлек, кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстырылуы тиіс. 
Азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын базарлар, жәрмеңкелер жұмыс күндері 06:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Ал жабық емес базарларға қалыпты режимде жұмыс істеуге рұқсат беріліп отыр. 

Банкет залдары мен аквапарктердің, жағажайлардың қызметіне тыйым салынады. 

Косметологиялық қызметтерді ұсынатын СПА-орталықтар мен сұлулық салондары алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбіде жұмысы тоқтатылады. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.