Қызылорда облысында әкімдік мүгедектігі бар тұрғынды баспана кезегінен себепсіз шығарған
Қызылорда облысында әкімдік мүгедектігі бар тұрғынды баспана кезегінен себепсіз шығарған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сотта анықталғандай, облыстың 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі тұрғыны 2012 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіне қойылған. Алайда, екі жылдан кейін ол белгісіз себептермен осы кезектен шығарылған.
2023 жылы ер адам осы санат бойынша қайтадан кезекке тұрғызылған, бірақ ол сотқа жүгініп, 2012 жылдан бастап кезекті қалпына келтіруді талап етіп, кезектен негізсіз шығарылғанын және өзінің тіркелген тұрғын үйдің жоқтығын көрсеткен. Қазір талап қоюшы туыстарының үйінде тұрады.
Сот облыстық тұрғын үй басқармасына қатысты заңбұзушылықтарды көрсетіп, жеке ұйғарым шығарды. Аудан әкімі бұл шешімге дау айту барысында әкімнің қаулысына шағымдану мерзімі өтіп кеткенін атап көрсеткен. Алайда, облыстық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.